«15 орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
0
Қамқоршылық кеңесінің хаттамасы

№15 ОМ
ХАТТАМА №

Ақтөбе қ. «31»  қаңтар  2018ж. 

Қатысуы тиіс: 17

Қатысқандар: 15

 

Күн тәртібінде қаралатын мәселелер:

1.”Туған жерге тағзым” акциясы бойынша 2017-2018 оқу жылының І жарты жылдығында жасалған жұмыстар есебі;

2.Қамқоршылық кеңестің ІІ жарты жылдыққа арналған жұмыс жоспарымен таныстыру;

3.”Қамқоршылық кеңес жұмысын бұқаралық ақпарат құралдарына салу, таныстыру;

4.Діни экстремизм мен терроризмнің алдын алуына байланысты түсіндіру жұмыстарының жүргізілуі. Мектеп формасының сақталуы.

 

1-ші мәселе бойынша мектеп директоры Н.Байниязова мектептің материалдық базасын жақсарту мақсатында  2017-2018 оқу жылының есебі бойынша ”Туған жерге тағзым” акциясы бойынша мектебіміздің түлектері мен ата-аналар тарапынан 439 600 көлемінде демеушілік көрсетіліп жатыр. Олар стеклопакет 18 000 тенгеге мектеп мұғалімі Симатов Ғ, №2 кабинеттің терезесі  20 000 тенгеге мектеп түлегі Бекбаулиев Нұрбек, «Батырлар жыры» атты 5 томдық кітаптар 10 000 тенге мектеп түлегі Ақпанов Рамиль, 22 Наурыз мерекесіне орай мектептің алдына ағаш үй тігілді 30 000 тенгеге мектептің екі ата-анасы мен мектеп түлегі Жантурин Алмас, 1 камаз қарашірік 15000 тенгеге 5Б класының ата-анасы Молдагерева Шайгүл Орынбайқызы, мектепті гүлдендіру акциясы 88000 тенгеге мектептің ата-аналары демеушілік жасады, 15 000 тенгеге ата-ана Қанатова Г. мектепке жеміс ағаштарын алып берді. 51 000 тенге көлемінде ата-аналар мектепке ремонтқа қажетті заттар водоэмульсия, краска, известьпен қамтамасыз етті, 20 000 тенгеге мектеп түлегі Жақсылық Бек-бұлан мектепке стенд жасап берді. Мектеп түлегі Баешов Серік, ата-ана Зингина А.Е. т.б. ата-аналар 75 000 тенгеге қаржылай көмек берді, мектепке волейбол добын алып берді, мектепке гүл алынды. Демеушілік жасап жатқан ата-аналарға, мектеп түлектеріне алғысымды айтамын.

2-ші мәселе бойынша Қамқоршылық кеңестің төрайымы А.Зингина қамқоршылық кеңестің ІІ жарты жылдығында жоспарланған жұмыстармен таныстырды.

3-ші мәселе бойынша Қамқоршылық кеңестің төрайымы А.Зингина қамқоршылық кеңестің жұмысын алдағы уақытта бұқаралық құралдар ақпаратына жолдау керектігін екертті.

4-ші мәселе бойынша директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары С.Карагулова «Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі  №319 Заңының  «Ата-аналардың  және өзге де заңды өкілдердің құқықтары мен міндеттері» атты 49 бабының 2 тармағындағы 6,7 тармақшаларында: «білім беру саласындағы уәкілетті орган белгіленген, міндетті мектеп формасына қойылатын талаптарды орындауға» және «білім беру ұйымында белгіленген  киім формасын сақтауға міндетті»-деп жазылған.

Ал, «Білім алушылар мен тәрбиеленушілердің құқықтары, міндеттері мен жауапкершілігі» атты  47 бабының 15-1 тармақшасында «Орта білім беру ұйымдарында білім алушылар білім беру саласындағы  уәкілетті орган белгіленген, міндетті мектеп формасына қойылатын талаптарды сақтауға міндетті» және «білім алушылар білім беру ұйымында белгіленген киім формасын  сақтауға міндетті» - деп толықтырулар енгізілді.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы  Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 14 қаңтардағы №26 «Орта білім беру ұйымдарында міндетті  мектеп формасына қойылатын талаптар» туралы бұйырықтың 13,21 тармақшаларында «Мектеп формасына түрлі діни конфессияларға қатысты киім элементтерін қосуға болмайды», «Ата-аналар және өзге де заңды өкілдер білім алушылардың орта білім беру ұйымында белгленген мектеп формасын киюіне жауап береді» - делінген. Осы заңдар негізінде мектепте барлық оқушылар мектеп формасын қатаң сақтауы тиіс.

 

Қаулы қабылдады: 
1. ”Туған жерге тағзым” акциясы аясында қаржылық қолдауды ұйымдастыра отырып, мектептің материалдық-техникалық базасын жақсарту жұмыстары жалғастырылсын.

2.Қамқоршылық кеңесінің жұмысы жоспар бойынша жүйелі жүргізілсін.

3.Қамқоршылық кеңесінің жүргізілген жұмыстары алдағы уақытта БАҚ беттеріне жариялансын.

4.Діни экстремизм мен терроризмнің алдын алуына байланысты педагогикалық ұжымда, оқушылар, ата-аналар арасында түсіндіру жұмыстары жалғастырылсын. Мектеп формасының сақталуы ата-аналар, класс жетекшілер тарапынан қатаң бақылауға алынсын.

 

                           Төрайым қолы аты-жөні:                   Зингина А.Е.


                           Хатшы қолы аты-жөні:                       Қанатова Г.