«15 орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
0
Қамқоршылық кеңесінің хаттамасы

№15 ОМ
ХАТТАМА №4


Ақтөбе қ. «31»  наурыз  2018ж. 


Қатысуы тиіс: 17
Қатысқандар: 7

№15 орта мектеп әкімшілігі мектептің қамқоршылық кеңес мүшелерімен бірлескен жиналыс өткізілді.
Жиналысқа қатынасқан қамқоршылық кеңес мүшелері:
1.Қуанышева Сұлу                      
2.Калдина Алмагул                     
3.Есетова Гүлайым
4.Зингина Айзада                       
5.Алмагамбетова Гүлжанар
6.Ергалиева Сандугаш               
7.Канатова Гулшат

Күн тәртібінде қаралатын мәселелер:
1.Мектеп ғимаратында өрт қаупі туындаған кезде жедел шығу жолдары (эвакуация).
Хабарламашы-А.С.Рахметалиев (мектеп директорының ШЖЖ орынбасары)

Тыңдалды:
Мекемедегі өрт-техникалық қауіпсіздігі мен еңбек қорғау мәселесі бойынша жауапты маман А.С.Рахметалиев 2018 жылғы 26 наурызда  РФ Кемерово облысында болған ауыр жағдайға тоқталды. Өрт-техникалық қауіпсіздігінің салдарынан қаза болғандар туралы хабарланды. Сонымен қатар бүгінгі қаралатын мәселе мектеп ғиамаратындағы өрт қауіпсіздігі жағдайындағы жедел шығу жұмыстарының ұйымдастырылуы туралы екенін айтып өтті. Мекеме бойынша өрт-техникалық қауіпсіздігі курсынан өткен 7 адам, оның 3-і мектеп күзетшілері, қалған 4 адам мектеп әкімшілігінен. Мектеп мұғалімдері жылына 2 рет өрт-техникалық қауіпсіздігі бойынша курстан өтеді. Мектеп әкімшілігі тарапынан нұсқаулықпен таныстырылады. 1кезең жыл сайын тамыз айында, 2- рет қаңтар айында нұсқаулықтар беріліп,танысқандығы туралы хаттамаға қол қойдырылады. Ал мектеп оқушылары арасында класс жетекшілері өрт қауіпсіздігі туралы арнайы тәрбие сағаттарын ұйымдастырады. Жедел шығу жаттығулары жыл сайын 1-наурызда ұйымдастырылады.

 

Сонымен қатар ата-аналар комитеті мүшелерімен бірлескен түрде барлық шығу жолдар көрсетіліп, таныстырылды.
Шығып сөйлеушілер:
А.Зингина- Мектеп әкімшілігінің мұндай шара ұйымдастырып, балалардың өмір қауіпсіздігін сақтау мақсатында бірлескен жұмыс жүргізіп жатқанына қуаныштымын. Біздер мектептің, шеберхананың орналасуы мен жедел шығу есіктерінің, 4 есіктің де қалыпты жағдайда және өрт қауіпсіздігі сигнализациясының жұмысымен таныстық. Барлығы қалыпты жағдайда.
Қаулы қабылдады: 
1.Мектептің барлық кластарында жедел шығу жұмыстары бойынша оқу-жаттығу жылына 2 рет ұйымдастырылсын. 1-кезең қыркүйек айында, 2 рет наурызда.
2.Ата-аналар жиналысында өрт қауіпсіздігіне байланысты дәрістер оқылып, ата-аналарға таныстырылсын.

 

Төрайым қолы аты-жөні: Зингина А.Е.

Хатшы қолы аты-жөні:  Қанатова Г.