«15 орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
0

Мақсаттары мен міндеттері

Мектеп мәселесі: «Іс-әрекетті зерттеу үдерісіне негізделген тәжірибе арқылы мектеп ұжымының үздіксіз кәсіби дамуына ықпал ету»

Мақсаты: Іс-әрекетті зерттеу үдерісін оқу-тәрбие үрдісіне енгізе отырып, мектеп ұжымының үздіксіз кәсіби дамуына қол жеткізу.          

Міндеттері:

-Оқу-тәрбие үрдісінде іс-әрекетті зерттеу үдерісін пайдалана

отырып ,   мектеп ұжымының  жаңашылдықпен жұмыс жасауына қол жеткізу;

-Үздік білім беру ресурстары мен технологияларды пайдалану  арқылы, коммуникативтік және кәсіптік құзыреттілікті дамыту;

- Оқу үрдісіндегі бағалау әдістемесін жетілдіру;

-Ақпараттық технологиямен жұмыс жасауды толыққанды жүзеге асыру;

- Оқушылардың интеллектуалдық әлеуетін тілдік- коммуникативтік құзіреттіліктерін  жетілдіру;

- Ұлттық және әлемдік мәдениет құндылықтарын түсінетін, дүниетанымы бай, адамгершілігі мол, қоғамның әлеуметтік экономикалық дамуына өз үлесін қосатын белсенді ұрпақ қалыптастыру.

Күтілетін нәтиже: Мектеп ұжымының үздіксіз кәсіби дамуына қол жеткізе отырып, интеллектуалдық әлеуеті, тілдік- коммуникативтік құзіреттіліктері дамыған,  қоғамның әлеуметтік экономикалық дамуына өз үлесін қосатын белсенді ұрпақ қалыптастыру.

 

 

Мектептің әдістемелік тақырыбы:

«Мектептің оқу-тәрбие  үрдісінде іс-әрекеттегі зерттеу үдерісі арқылы мұғалімдердің кәсіби шеберліктерін артыру»

Мақсаты:Іс-әрекеттегі зерттеу үдерісі арқылы мұғалімдердің кәсіби шеберліктерін арттыра отырып, сапалы білім, саналы тәрбиені бойына сіңірген жан-жақты дамыған  тұлға тәрбиелеу.

Міндеттері:

-Іс-әрекетті зерттеу үдерісін тәжірибеге енгізу арқылы мұғалімдердің  педагогикалық шеберліктерін арттыру;

- Іс-әрекетті зерттеу үдерісін пайдалана отырып, «оқушы үнін» тыңдау, әр оқушының  оқу үрдісінде белсенді және ұйымдастырушы- бастамашылдық қабілетін ояту және өздігінен білім алу мотивациясын дамыту.
- Оқушылардың интеллектуалдық әлеуетін тілдік- коммуникативтік    құзіреттіліктерін жетілдіру.

- Сабақты зерттеу бойынша жұмысты жүйелі жалғастыру;
- Қабілеті жоғары балалармен мақсатқа бағытталған жұмысты жүйелі түрде жалғастыру.
- Педагогтар мен оқушылардың зерттеушілік жұмысын ұйымдастыру және жетілдіру.

Күтілетін нәтиже:Мектеп ұжымының үздіксіз кәсіби дамуына қол жеткізу, сапалы білім, саналы тәрбиені бойына сіңірген жан-жақты дамыған тұлғаның қалыптасуы

 

 

 

 

2020-2021  оқу жылының І.ж.ж.  Дайындық кезеңі.

Іс-әрекеттегі зерттеу үдерісінің теориясын оқып үйрену кезеңі

Міндеттер:Іс-әрекеттегі зерттеу үдерісі бойынша оқыту семинарларын ұйымдастыру;

- Тақырыпқа сәйкес коучингтер , ПШО тренерлерімен вебинарлар  ұйымдастыру;

-Проблемалық семинарлар, практикумдар өткізу;

-Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту бағытында жұмыстану;

- Эксперименттік алаңдар жұмысын ұйымдастыру;

-Шығармашылық мектептер , педагогикалық шеберханалар ашу;

- Мұғалімдердің оқу-тәрбие үрдісіндегі жұмысын зерттеу, кемшіліктері бойынша әдістемелік көмек беру;

-Қабілеті жоғары оқушылармен жұмысты жүйелі жүргізу.

2020-2021  оқу жылының ІІ  ж.ж, 2021-2022 ,2022-2023  оқу жылдары  -Жүзеге асыру кезеңі

Іс-әрекеттегі зерттеу үдерісін  оқу-тәрбие үрдісіне енгізу

Міндеттер:Іс әрекеттегі зерттеу үдерісін тиімді пайдалана отырып, педагогтардың кәсіби  шеберліктерін арттыру;

-Мұғалімдердің оқу-тәрбие үрдісіндегі жұмысын зерттеу, кемшіліктері бойынша әдістемелік көмек беру;

-Іс-әрекеттегі зерттеу үдерісін пайдалана отырып, «оқушы үнін» тыңдау   арқылы әр оқушының  оқу үрдісіндегі белсенділігін , өздігінен білім алу мотивациясын дамыту;

-Іс әрекеттегі зерттеу үдерісін  тәжірибеге енгізу арқылы оқушылардың тілдік дағдыларын ,танымдық қажеттіліктерін жетілдіру;

-Іс-әрекеттіегі зерттеу үдерісін тәжірибеге енгізу арқылы салауатты, шығармашыл орта құру;

- Іс-әрекетті зерттеу үдерісі арқылы мектеп-оқушы-ата-ана ынтымақтастық ортасын құру.

2022-2023 оқу жылы. ІІ ж.ж.  Қорытынды кезең

 Мәселені қорытындылау кезеңі

Міндеттер:

-Мектептің өзекті мәселесіне сәйкес ата-аналар мен ұстаздар , оқушылардың қатысуымен ғылыми-практикалық конференция өткізу;

- Шығармашылық есептер, әдістемелік құралдар  шығару, тәжірибе тарату;

-Шығармашылық шеберхана, зертханалардың жұмыс қорытындылары;

- Мектеп ұжымының кәсіби дамуының мониторинг қорытындысы;

- Оқушылардың шығармашылық дамуының мониторингі;

Жұмыс   нысандары:

1.Әдістемелік кеңес

2.Әдістемелік бақылау.

3.Әдістемелік жұмыстар

4.Эксперименттік-инновациялық бағыттағы жұмыстар

5.Қабілеті жоғары  оқушылармен жұмыс

6.Жас мамандармен жұмыс.

7.Диагностикалық жұмыс

8.Мониторинг