«15 орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
0
«Мектептен барлығына- мектепке әрқайсысы»

Ақтөбе қаласы, № 15 орта мектебінде 11 қазан күні «Мектептен барлығына- мектепке әрқайсысы» тақырыбында ата-аналар жиналысы өткізілді.

 

Жиналыста «Инклюзивті оқыту» тақырыбында қазіргі таңдағы жалпы білім беретін мектептердегі инклюзивті білім беру туралы түсінік берілді, мектеп психологтары  қатысушылармен «Жүрек жылуы» тренингін өткізді, мектеп логопеді  Ермағанбетова Э «Инклюзивті оқушыларды қолдау» тақырыбында баяндама оқыды.