«15 орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
0

№15 орта мектебі Қорғаншылық кеңес отырысының №2 хаттамасы

 

Ақтөбе қаласы                                                                                   31.08.2018ж

 

Қатысқандар: мектеп әкімшілігі, ата-аналар комитетінің төрағасы, қоғамдық өкілдер.

 

Күн тәртібінде:

 

1.2018-2019 оқу жылында сабақтардың  ұйымдастырылуы мен өтуін жүзеге асыру мақсатында өзгерістер енгізу.

2.Мектеп формасының сақталуы.

 

Тыңдалды:

 

Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша қамқоршылық кеңес мүшелері 2018-2019 оқу жылында сабақтардың  ұйымдастырылуы мен өтуін жүзеге асыру мақсатында төмендегідей сабақ уақыты мен қоңырау кестесін бекіту ұсынылды. Сабақтың өтілу уақыты 40 минуттан өткізу. 2,3 сабақтан кейінгі қоңырау 10 минуттан берілсін.

     

 

       І-ші ауысым                   

  1. 08.00 – 08.40.         
  2. 08.45 – 09.25.         
  3. 09.35 – 10.15.              
  4. 10.25 – 11.05.           
  5. 11.10 – 11.50.         
  6. 11.55 – 12.35        
  7. 12.40 -  13.20 
  8. 13.25 - 14.05
 

        ІІ-ші ауысым:               

  1. 14.00 – 14.40.
  2. 14.45 – 15.25.
  3. 15.35 – 16.15.
  4. 16.25 – 17.05.
  5. 17.10 – 17.50.
  6. 17.55 – 18.35.
  7. 7.18.40 -  19.20

 

Биылғы оқу жылы бойынша  мектебімізде  1-11 кластар барлығы бес күндікке көшіріледі. Мектеп бес күндік оқуға көшеді деп шешім қабылдадық. 1 класс оқушыларының бейімделуіне байланысты І жарты жылдықта сабақ 08.45-те басталсын және бір айдан кейін сабақ сағат 08.00-де басталу ұсынылсын.

Екінші мәселе бойынша директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары С.Карагулова «Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі  №319 Заңының  «Ата-аналардың  және өзге де заңды өкілдердің құқықтары мен міндеттері» атты 49 бабының 2 тармағындағы 6,7 тармақшаларында: «білім беру саласындағы уәкілетті орган белгіленген, міндетті мектеп формасына қойылатын талаптарды орындауға» және «білім беру ұйымында белгіленген  киім формасын сақтауға міндетті»-деп жазылған.

Ал, «Білім алушылар мен тәрбиеленушілердің құқықтары, міндеттері мен жауапкершілігі» атты  47 бабының 15-1 тармақшасында «Орта білім беру ұйымдарында білім алушылар білім беру саласындағы  уәкілетті орган белгіленген, міндетті мектеп формасына қойылатын талаптарды сақтауға міндетті» және «білім алушылар білім беру ұйымында белгіленген киім формасын  сақтауға міндетті» - деп толықтырулар енгізілді.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы  Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 14 қаңтардағы №26 «Орта білім беру ұйымдарында міндетті  мектеп формасына қойылатын талаптар» туралы бұйырықтың 13,21 тармақшаларында «Мектеп формасына түрлі діни конфессияларға қатысты киім элементтерін қосуға болмайды», «Ата-аналар және өзге де заңды өкілдер білім алушылардың орта білім беру ұйымында белгленген мектеп формасын киюіне жауап береді» - делінген. Осы заңдар негізінде мектепте барлық оқушылар мектеп формасын қатаң сақтауы тиіс.

 

Шешім:

1.Кеңеске қатысушылар жоғарыдағы мәселелерді талқылай келе 40 минуттық оқу уақыты мен бес күндік оқу күніне көшу туралы шешім қабылдады.

Оқушылар оңай бейімделсін деп сабақ сағат 08.45-те басталсын. Қыркүйек айында сабақ ұзақтығы 35 минуттан, қазан айынан бастап 40 минуттан өткізілсін.

 

2.Мектеп формасының сақталуы ата-аналар, класс жетекшілер тарапынан қатаң бақылауға алынсын.

 

 

Кеңес төрайымы:                Зингина А.Е.

 

Хатшы:                      Арызгулова Б.К.