«15 орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
0
№15 орта мектебі Қорғаншылық кеңес отырысының №1 хаттамасы

Ақтөбе қаласы                                                                                   03.12.2018ж

 

Қатысқандар: мектеп әкімшілігі, ата-аналар комитетінің төрағасы, қамқоршылық кеңесінің мүшелері.

 

Күн тәртібінде:

  1. Жаңа жыл – 2019 мерекесін өткізу.
  2. Оқушылардың ата-аналарына «Смартфондарды» пайдалануға тыйым салу туралы ақпаратты жеткізіп ескерту.

 

Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша қамқоршылық кеңестің төрайымы, Зингина А.  жыл сайын мектебімізге «Алақай», «Драма» театрлардың қатысуымен Жаңа жылдық ертеңгіліктер өтетін еді. Биыл сыртқа шығып қатысамыз ба деген ойымыз болып еді. Қараша айында класс жетекшілер ата-аналар жиналысын өткізді. Сол жиналыста бірнеше ата-аналардан ұсыныс түскен болатын Жаңа жыл мерекесін мектепте өткізсе деген ұсыныстар түсті. Сол ұсынысты құптап сіздерді жинап отырмын. Ата-аналардың көмегімен осы Жаңа жыл мерекесін өткізсек. Мектепке 0-1-2-3-4-5-6 кластың оқушыларына «Тұғыр» атты продюсорлық орталықтың қатысуымен Жаңа жыл мерекесі 500 тенгеден өтеді. Ал 7-8-9-10-11 класс оқушыларына мектепте би кеші ұйымдастырылады. билет құны 300 тенгеден болса деп ұсыныс айтамын.


Карашулакова З.- мектептің ата-аналар комитетінің төрайымы біз ата-аналар тарапынан бұл ұсынысты құптаймыз. Жаңа жылға қатысатын оқушылар 0-6 кластың аралығындағы оқушылар 500 тенгеден өздерінің ата-аналар комитеттеріне тапсыратын болады. 7-11 кластың оқушылары 300 тенгеден жаңа жылға қажетті ойыншықтар мен безендіру жұмыстарына, лотерея ойындарына, жинаған қаражатқа Жаңа жылға қажетті заттарды алып береміз. Мектептегі жетім, аз қамтылған оқушылар билет сатып алудан босатылады, яғни тегін қатыстырылады. Ешқандай ата-аналар қарсы емес.


2-ші мәселе бойынша қамқоршылық кеңестің төрайымы, Зингина А.  тағы бір ескертетін жағдай мектеп оқушыларына «Смартфондарды» пайдалануға тыйым салу.  Оқу процесі кезінде кедергі болатындықтан мектепте құқық бұзушылықтың алдын алуына байланысты барлық оқушыларға жалпы білім беру ұйымдарына оның ішінде оқушыларға «Смартфондарды» қолдануға тыйым салынатынын ескертемін. Барлық ата-аналар жиналыста бұйрықпен таныстырылып, барлық ата-аналарға ескертіп жеткізілді.


Ата-ана Утебалиева Г.:  Біз дачада тұрамыз үйіміз алыс баламның қай жерде келе жатқанын біліп отырамын, телефон бізге керек.


Оқушылардың өмір қауіпсіздігіне байланысты жай қалта ұялы телефонын қолдануға болады. 2000-3000 мыңның көлеміндегі телефонды. Онда камераға түсіру, интернетке кіру деген функциялары жоқ. Осы уақытақ дейін оқушыларға түсіндірме жұмыстарын жүргізіп келемін, тексердім де, ата-аналарын шақыртып ескерттім. Біздің мектеп уставында, яғни мектептің ішкі тәртібінде оқушыларға ұялы телефонды қолдануға тийым салынады деген бөлімі бар. Сол ішкі тәртіп ережесін оқу басталар алдында класс жетекшілер сіздерге таныстырды, ішкі тәртіп ережесіне қол қойдыңыздар. Сондықтан алдағы уақыттыаа да әрбір ата-ана баласының смартфон ұстамауын қадағаласын.

 

Тыңдалды:

Бір ауыздан қаулы етеді.

 

Қаулы:

1.Жаңа жыл – 2019 мерекесі мектепте «Тұғыр» продюсорлық орталығының қатысуымен ұйымдастырылсын

2.Мектеп оқушыларына «Смартфонды» қолдануға тыйым салынатыны ескерілсін.

 

 

 

                                                                                                   Кеңес төрайымы:                Зингина А.

 

                                                                                                        Хатшы:                 Арызгулова Б.К.