«15 орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
0

Қорғаншылық кеңес отырысының №4 хаттамасы

№15 орта мектебі

 

Қорғаншылық кеңес отырысының №4 хаттамасы

 

Ақтөбе қаласы 22.01.2019ж

 

 

 

 

Қатысқандар: мектеп әкімшілігі, қамқоршылық кеңесінің төрайымы ата-аналар, қоғамдық өкілдер.

 

Күн тәртібінде:

 

  1. 9-11 класс оқушыларының білім сапасына талдау.

 

Хабарламашы директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары-Имандосова Р.Ж.

 

  1. Қорытынды аттестаттау

 

Хабарламашы директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары-Имандосова Р.Ж.

 

  1. Жасөспірімдердің арасындағы құқбұзушылықтын алдын алу

 

Хабарламашы директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары-Карагулова С.Н.

 

 

Тыңдалды:

 

Қазіргі қоғамның алдында тұрған басты міндет балалар мен жасөспірімдердің арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу, кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың өсуіне жол бермеу керектігі туралы сөз қозғалды. Жалпы құқық тәртібін бұзуға бейім балалар, қоғамдық тәртіпті бұзатындар, қылмыс жасап ішкі істер бөлімінде тұратындар көбіне көп жайсыз отбасынан шығатын балалар. Сонымен қатар үйінде күнбе күн ұрыс-керіс арылмайтын отбасының балалары қылмысқа бейім болатындығы атап айтылды.

 

Бұл орайда ата-аналардың балаларға қамқорлығын, тәрбиесін, мейірімділігін, махаббатын үнемі бере білу керектігі айтылды.

 

Қазақстанда заң бойынша кәмелетке толмаған жас­өспірімдерге түнгі сағат 22.00-ден кейін компьютерлік клубтарда отыруға және түнгі сағат 23.00-ден кейін көшеде ата-анасыз жүруге тыйым салынған. Елімізде кәмелетке тол­­маған құқықбұзушылардың ісімен шұ­ғылданатын комиссия құрылған. Оған айтар­лықтай арнайы өкілеттіліктер берілген. Егер ата-ана баласының тәрбиесіне қа­рамаса, комиссия оларды ата-ана құқынан да айыра алатыны ескертілді.

 

Қамқоршылық кеңестің төрайымы А.Зингина: Интернет билеген заманда түрлі жағымды-жағымсыз жаңалықтар айналамызды қоршағанда әркім өзіне керегін таңдап алуы керек. Бірақ жасөспірімдер бұл жағын ескермесі белгілі, сол себепті баламыз ғаламторда, смартфонмен отырғанда да қандай да болмасын әлеуметтік желіні пайдалануда да бақылау болуы керек. Қазіргі техниканың дамыған шағында қылмыстық істердің орын алатын жері мен себебі осы ғаламтор, смартфон болып отыр. Сол себепті әрбір ата-ана балаға белгілі бір шектеу қойып, бақылау жасап отырса бала әлеуметтік желінің тек пайдалы тұсын білетін болатынын жеткізді.

 

Сонымен қатар топ болып төбелесу қазіргі таңда жиеленіп барады.

 

Қылмыстық жауапкершілікке қылмысты жасау кезінде жасы 16-ға толған азаматтар тартылатындығы белгілі. Алайда, адам өлтіргені, денсаулыққа ауыр зиян келтіру, ауырлататын мән-жайларда денсаулыққа қасақана орташа ауырлықта зиян келтіру, адамды ұрлау, ұрлық, тонау, қарақшылық, қорқытып алу, ауырлататын мән-жайларда көлікті айдап кету, терроризм, адамды кепілге алу, қаруды ұрлау немесе жарылғыш заттар мен басқа да құрылғылар, ауырлатылған мән-жайларда бұзақылық, тағылық, есірткі заттары мен психотроптық заттарды ұрлау немесе қорқытып алу, көлік құралын немесе теміржолдарын қасақана жарамсыздық жағдайға келтіргені үшін тұлғалар 14 жастан бастап қылмыстық жауапкершілікке тартылады.

 

Егер ата-ана мен мектеп өзара тығыз байланыста болып, балаға бірдей талап қойса, тәуелсіз еліміздің ұл-қыздары жан-жақты дамыған азамат болып шығары сөзсіз.

 

 Кеңес төрайымы:                Зингина А.Е.

 

Хатшы:                         Арызгулова Б.К.

 

  

 

ҚАМҚОРШЫЛЫҚ КЕҢЕСТІҢ КЕЗЕКТІ ОТЫРЫСЫ

 

 

  

 

ҚАМҚОРШЫЛЫҚ КЕҢЕСТІҢ ТӨРАЙЫМЫ

ЗИНГИНА АЙЗАДА ЕЛЕУСИЗОВНА

 

  

 

Ата-аналар комитеттерінің жиналысында қамқоршылық кеңестің, инспектордың қатысуымен «Оқушылар арасында құқықбұзушылықтың алдын алу» мақсатында түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

 

  

 

«Жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алуы» атты тақырыпта мектепте мектепішілік ата-аналар конференциясы өтті.

 

 

 

Мектебіміздің қамқоршылық кеңестің төрайымы А.Зингина