«15 орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
0

"Самғатқан сан қыранды алтын ұя" тақырыбында мектеп түлектерімен кездесу өтті

2019 жылдың 20-ақпан күні 15 орта мектебінің 80 жылдық мерей тойына орай "Самғатқан сан қыранды алтын ұя" тақырыбында мектеп түлектерімен кездесу өтті.


Кездесуге:

1980 жылғы түлегіміз М. Оспанов атындағы мемлекеттік медициналық академиясының кәсіптік практикалық және түлектерді жұмысқа орналастыру мониторингі бөлімінің жетекшісі, кандидат, доцент Алмағамбетова Алтын Сатыбалдиевна;

2000 жылғы мектептүлегі Мед академияның терапия жәнеортопедиялық стоматология кафедрасының жетекшісі Жолдасова НұргүлЖанабаевна;

2003 жылғытүлек "Халықаралық экология және педагогика ғылым академиясы" қоғамдық қорының басшысы Төремұратов Талғат Мукамбетович;

2005  жылғы түлек "ТөлесАрдақ креатив" компаниясының жетекшісі ТөлесАрдақ; 

2008  жылғы түлек Ақтөбе горнизонының әскери полиция бөлімінің құпия бөлім басшысы Құлымжанова Жадыра Нурбековна;

2017 жылғы мектеп түлегі "Ю-17" Қазақстан қыздар құрама командасының мүшесі Садыкова Лейла;

1979 жылы, 1984 жылы мектеп бітіріп осы мектепте жұмыс жасап жатқан Аязбаев Серғазы Айбергенович пен Маканова Жанат Морозовна қатысты. Кездесу барысында түлектеріміз өздерінің таңдаған мамандықтары, қазіргі еңбек жолдары, мектептегі оқушылық кезеңдеріндегі қызықты сәттерін еске түсіріп пікір алмасты. 

2003 жылғыт үлек Төремұратов Талғат осы шарада өз тарапынан мектепке түрлі түсті принтерді сыйға тартты. 

Келген түлектер алдағы уақытта мектептің мерей тойын  атапөтуге өз үлестерін қосатынын жеткізді.

Толығырақ бейнебаянды https://www.instagram.com/p/BuHAEQ3hs_F/?utm_source=ig_web_copy_link инстаграм парақшамыздан көре аласыздар