«15 орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
0

"Көргені жақсы көшбастар" тақырыбында сыр-сұхбат кездесу кеші өткізілді

2019 жылдың 16 наурызы күні #15 орта мектебінде мектептің 80 жылдығына орай "Көргені жақсы көшбастар" тақырыбында сыр-сұхбат кездесу кеші өткізілді.

Кездесу кешінде білім беру саласындағы ұзақ жылғы жемісті еңбектері мен жасұрпақты оқыту мен тәрбиелеу де біраз жетістіктерге жеткен аяулы,  ұлағатты мектеп басшылары Қосанов Х.А(1982-2004жж), Еңсепбаев Б.Е (2008-2012жж), ардагер ұстаздарымыз бен және Дарибаева Г.Ж (2013-2016жж) қазіргі таңда  #51мектеп-гимназиясының директоры, қалалық маслихат депутаты, қазіргі таңдағы мектеп директоры  Байниязова Н.Ж қатысуымен өткізілді. Жасұрпақтың жарқын болашағына жұлдызды жол салатын 2017 жылдан бастапқы мектеп басшымыз Н.Ж.Байниязованың және мектеп директорларының орынбасарлары Р.Имандосова, А.Ш.Дағарова мен қазақ тілі мен әдебиеті, тарих пәні бірлестігіндегі мұғалімдердің ұйымдастыруы мен жоғарғы деңгейде өтті. Сыр- сұхбат кешіне қатысушы қонақтарымыз өздерінің моліс-тәжірибелерімен ой бөлісіп, мұғалімдерге ризашылығын білдірді. Кездесу кешінде мектеп оқушылары  және мектептегі жас мамандар Қуанышбекова Н, Бердіғожина А өздерінің ән-шашуларын тарту етті. Сондай-ақ мектеп түлектері мектеп ұстаздарына ыстық лебіздерін әндер арқылы жеткізді.

https://www.instagram.com/p/BvJUbyXnkeO/?utm_source=ig_web_copy_link