Коммунальное Государственное учреждение "Средняя школа №15"
0

Ақтөбе қаласындағы «№15 орта мектебі» мемлекеттік мекемесі 1939 жылы іргетасы қаланып, үздіксіз жұмыс жасап келе жатқан  іргелі оқу ордасы. Мектеп ғимараты  Ақтөбе қаласы, Гоголь көшесі,12 үйде  орналасқан. Байланыс телефондары:  (8-7132 ) 40-71-44, 40-71-43

Мектептің  жалпы деректері:

ғимараттың салынған жылы – 1939 жыл

ғимарат жобасы-типтік

сыйымдылығы -520

қабаттар саны – 2

жалпы алаңы – 2834,8

жер  учаскесінің көлемі: 0,65652 га

Мектеп 1939 жылы 19 қарашада Ақтөбе қаласындағы № 15 орыс орта мектебі болып ашылған. 2000 жылы  «№15 орта мектебі» мемлекттік мекемесі  қайта тіркеуден өтіп, қазақ орта мектебі болып ашылған.

2015 жыл15 қаңтар  Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті  Ақтөбе облысының  Білім саласындағы бақылау департаменті тарапынан №15000718    лицензиясы  берілген.

Қазіргі таңдағы мектеп оқушыларының саны-786

Мұғалімдер саны -65

Мектептегі білікті мамандар саны:

жоғары санатты мамандар -12

1-санатты мамандар -19

2-санатты мамандар -10

Мектепте  облыстық деңгейдегі педагогикалық шеберхана мен зертхана жұмыс жасайды.Жетекшілері Қоңқабаева Гүлсім Қаратайқызы, Маканова Жанат Морозовна.

Қоңқабаева Гүлсім Қаратайқызы -мектептің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі, Республикалық «Үздік педагог -2013» гранты иегері, «Қазақстан Республикасы  Білім беру ісінің үздік педагогы » төсбелгісінің иегері .

Маканова Жанат Морозовна - мектептің орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі,Ақтөбе облысы әкімінің «Облыстың үздік мұғалімі» грантының иегері, «Отличник образования Содружества Независимых Государств» төсбелгісі иегері.


Мектептің соңғы 3 жылдағы ҰБТ қорытындысы көрсеткіші- 97,7 балл

Мектептің «Алтын белгі» иегерлері :

1.Жанділдаев Рауан Нұрділдаұлы

2.Ибрагимова Еркеназым Ибрагимқызы

 

Әр жылдардағы білім беру ұйымының басшылары:

1940-1941 жж. Обирайло Иван Емельянович еңбек ардагері, мектеп директоры;

1947-1972 жж. Бауткина Таисия Петровна-еңбек ардагері,  мектеп директоры;

1973-1980жж. Куренков Василий Георгиевич – еңбек ардагері, мектеп директоры;

1981-1982 жж. Алмкулов Сталь Баймашевич – еңбек ардагері, мектеп директоры;

1995-1996 жж. Сеник Ольга Александровна – еңбек ардагері, мектеп директоры;

1997-2004 жж. Косанов Хаким Аубакирович – еңбек ардагері, мектеп директоры;

2004-2006 жж. Исмагамбетова Дарига Гизатовна – мектеп директоры;

2006-2007 жж. Ержанов Бакытбек – мектеп директоры;

2008-2012 жж. Еңсепбаев Бағдат Ермағамбетұлы – еңбек ардагері, мектеп директоры;

2013-2016 жж. Дарибаева Гүлназия Жанұзаққызы – қалалық маслихаттың депутаты, мектеп директоры;

2017 жылдан бастап Байниязова Нүргүл Жолмырзақызы мектеп директоры.

  • www.rnmc.kz - Республиканский научно-методический центр
  • www.kursovik.kz - Профессиональная база научных и курсовых работ
  • www.azbyka.kz - Информационно-просветительский портал "Азбука"
  • www.45minut.kz - Сайт научно-образовательных трудов учителей
  • www.kaz-tili.kz - Изучение казахского языка (грамматика)
  • www.moi-mir.kz - Справочник "Гармоничное развитие детей"
  • www.matematik.kz - Сайт математиков на казахском
  • www.adebiet.kz - Сайт мировой и казахской литературы
  • obrazovanie.kz - Журнал "Современное образование"
  • www.zox.kz - Рефераты на казахском языке
  • www.univision.kz - Обзор вузов, институтов Казахстана
  • www.postupionline.com - Информационный портал для поступления в вузы
  • www.uchi.kz - Образовательное сообщество Казахстана
  • www.bolashak.kz - Образование по программе «Болашак»
  • www.essay.kz - Помощь в выборе профессии, университета