«15 орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
0
Үздік ұстаздар


 

Арғынбаева Салтанат Мағазовна

I біліктілік санатты технология пәнінің мұғалімі. Іс-тәжірибесі қалалық, облыстық деңгейде таратылған. Оқушылары қалалық, облыстық байқаулар мен ғылыми жобалардың жүлдегерлері.

 

 

Шаңғытбаева Гүлсім Нарымбетқызы

Жоғары біліктілік санатты технология пәнінің  мұғалімі. Оқушылары қалалық, облыстық деңгейдегі шығармашылық байқау-лардың  жүлдегерлері. Іс – тәжірибесі қалалық, облыстық деңгейде таратылған.

 

Умирова Анаргул Тлектесовна

Жоғары біліктілік санатты ағылшын тілі пәнінің мұғалімі. Қалалық «Үздік ағылшын тілі пәні мұғалімі - 2013» конкурсының, облыстық педагогика-лық олимпиаданың  жүлдегері. Оқушылары қалалық, облыстық шығармашылық байқаулар мен  ғылыми жобалардың  жүлдегерлері.

 

Ормаханова Лиза Қожабаевна

I біліктілік санатты қазақ тілі мен әдебиеті   пәнінің мұғалімі.  Облыстық педагогикалық олимпиадада жүлделі орынға ие болған. Оқушылары КҒА – ның облыстық кезеңдерінде, олимпиадаларда жүлделі орындарға  ие болған.

 

Дағарова Айымгүл Шынбекқызы

Жоғары біліктілік санатты биология пәнінің мұғалімі.     Қалалық  «Шығармашылық шыңы»  номинациясының иегері. Оқушылары облыстық, республикалық, халықаралық ғылыми жобалар  сайысының жүлдегерлері.

 

Байниязова Нұргүл Жолмырзақызы

Жоғары біліктілік санатты география пәнінің мұғалімі. Облыстық «Үздік мұғалім» конкурс – марафонының грант иегері. Оқушылары  қалалық, облыстық деңгейдегі олимпиадалар мен ғылыми жобалар қорғау сайыстарының жүлдегерлері.

 

 

Құлынбаев Аманбек Амандықұлы

Жоғары біліктілік санатты дене шынықтыру пәнінің мұғалімі. Оқушылары қалалық, облыстық волейбол жарыстарынан жүлделі орындарға ие болған. Қалалық білім бөлімінің, облыстық білім басқармасының Құрмет грамоталарымен    марапатталған

 

 

Сартаева Гүлзада Сапарғалиқызы

 

Жоғары біліктілік санатты тарих пәнінің мұғалімі. Мектептегі «Дебат» тобының жетекшісі. Іс – тәжірибесін қалалық семинарда көрсеткен. Мақалалары қалалық, облыстық басылымдарда жарияланған.

 

 

Зайрымбетов Мирамбек Ильясович

 

I біліктілік санатты дене шынықтыру пәнінің мұғалімі. Мектептегі «Әкелер» клубының жетекшісі. Әдістемелік құралы облыстық деңгейде бекітіліп таратылған.

 

 

Нуркасынова Сауле Мырзагуловна

 

І біліктілік санатты бастауыш класс мұғалімі. Облыстық деңгейдегі эксперименттік алаңның  мүшесі. Облыстық деңгейде әдістемелік құралы бекітіліп, таратылған.

 

Конкабаева Гульсим Каратаевна - жоғары біліктілік санатты қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі.

 

Іс-тәжірибесі қала, облыс, республика көлемінде таратылған. Қалалық деңгейдегі  шығармашылық зертхана жетекшісі.  ҚР Білім және ғылым министрінің Құрмет грамотасымен марапатталған. 2013 жылы Республикалық  «Үздік педагог» атағының грант иегері

 

Маканова Жанат Морозовна 

мектептің орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі,Ақтөбе облысы әкімінің «Облыстың үздік мұғалімі» грантының иегері, «Отличник образования Содружества Независимых Государств» төсбелгісі иегері.

 

Аязбаев Сергазы Айбергенович 

жоғары біліктілік санатты  дене тәрбиесі пәнінің мұғалімі.  Оқушылары облыстық, республика-лық спорттық сайыстардан жүлделі орындарға ие болған. ҚР Білім және ғылым министрінің грамотасымен марапатталған.