Ілияс Есенберлин атындағы №15 орта мектебі
0

«Тәуелсіздік- тұғырым» Тәуелсіздік күні құтты болсын!

«Тәуелсіздік- тұғырым» Тәуелсіздік күні құтты болсын!

Азат күн туды, қырандай еркін самғаған, 

Асыл арманды ақиқат күнмен жалғаған.       

Ұғынсаң елім, бостандық атты бақ құсы, 

Сан ғасыр бойы басымызға да қонбаған. 

 

Бұл  күнді күтіп батырлар жанын қиысты 

Бостандық алып күмбірлеп кетті күй ішкі. 

Ержүрек ұлы, қайсар қыздары бар қазақ 

Мәңгілік азат халық болуға тиісті! 

Мұхамбетберді Сүйітов 

 

Ақтөбе қаласы №15 орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті, тарих пәні бірлестігінің мұғалімдері мен 10 «А», 10 «Ә» класс оқушыларымен бірлесе ұйымдастырылған ҚР Тәуелсіздігіне 30 жылдық мерекесіне арналған «Тәуелсіздік — тұғырым» атты челлендж өткізілді. «Тәуелсіздік — тұғырым» атты челленджде 10 «А», 10 «Ә» класс оқушылары өлең жыр шумақтарын мәнерлеп жатқа айтып, қазақ тілі мен әдебиеті, тарих пәні бірлестігінің мұғалімдері «Туған ел» өлеңдерін тарту етіп, тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына өз үлестерін қосуда.