Ілияс Есенберлин атындағы №15 орта мектебі
0

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай “Тәуелсіздік -Тәңір берген тәтті сый” атты мерекелік шара өтті.

15.12 күні мектебімізде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай “Тәуелсіздік -Тәңір берген тәтті сый” атты мерекелік шара өтті. Сонымен қатар өскелең ұрпаққа сапалы білім, саналы тәрбие беріп келе жатқан ұстаздарымыз қалалық білім бөлімі басшысы М.Қосымбаеваның, “Ақтөбе облысы және Ақтөбе қаласы білім беру қызметкерлерінің жергілікті кәсіподағы “ қоғамдық бірлестігінің төрайымы Л.Уралбаеваның және мектеп директоры Н.Ж. Байниязованың, “Ақтөбе Медиа” ЖШС директоры Р.Отыншиннің Алғыс хаттарымен марапатталды.
Ата-бабамыз ғасырлар бойы армандап өткен тәуелсіз ел болу мәртебесін көру — бүгінгі ұрпаққа бұйырған зор бақыт. Осы қуанышымыз құтты, бақытымыз баянды болсын. Жаңа ғасырда қайта түлеген, жасарып, түрленген еліміздің тәуелсіздігі тұғырлы болғай!Баршаңызды Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығымен құттықтаймыз!!