Ілияс Есенберлин атындағы №15 орта мектебі
0

Ілияс Есенберлин атындағы №15 орта мектебінде тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына орай 5 класс оқушылары арасында математика пәнінен футбол ойыны форматында «ЖАС МАТЕМАТИКТЕР» лигасы өтті

Ілияс Есенберлин атындағы №15 орта мектебінде тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына орай 5 класс оқушылары арасында математика пәнінен  футбол ойыны форматында «ЖАС МАТЕМАТИКТЕР» лигасы өтті. 3 турдан тұратын 10 ойын нәтижесі бойынша I дәрежелі дипломды «Бірлік» командасы, II орынды «Эврика» командасы,III орынды «Эверест» және грамотамен «Зерделі» командалары марапатталды. Жүлделі орындарға ие болған командалар мен оқушыларға арнайы сыйлықтар мен медальдар табысталды. Үздік ойын көрсеткені үшін «Үздік математик» кубогын Лайық Әділхат иеленді. Ұйымдастырған математика пәні мұғалімдері: Оспанова А.А., Маханбетқалиев З.М.